Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Алматы облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Сапар аясында ауыл шаруашылығы және индустриялық кәсіпорындарға, инфрақұрылым нысандарына, білім және медицина мекемелеріне барады.
Сонымен қатар, жұмыс кестесіндегі басты шаралардың бірі – аймақтағы қоғам өкілдерімен және бизнес-қауымдастықпен кездесу.
Айта кетейік, премьер-министр бұған дейін Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарын аралады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу