Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Бақытжан Сағынтаев өңірде "Қашаған" кен орны нысандарының жұмысын тексереді, олардың ішінде "D" жасанды аралы, "Болашақ" мұнай және газды қайта өңдеу зауыты және түйіршіктелген күкірт өндіретін зауыт бар. Сондай-ақ, ҚР премьер-министрі "Нұрлы Жер" бағдарламасын іске асыру аясында көппәтерлі тұрғын үй құрылысының барысымен танысады, мұнайгаз саласына кадрлар даярлау бойынша APEC Petrotechnic жоғары техникалық мектебін, Caspian Royal Fish балық өсіру кешенін аралайды, сондай-ақ Атырау қаласының ХҚКО-ларының бірінің жұмысын тексереді.
Сонымен қатар APEC Petro Technic жоғары техникалық мектебін аралап, мұнайгаз саласына арналған кадрларды оқытудың заманауи форматтарымен танысты. Премьер-министрі жатақханаларды, мұнайгаз саласындағы химиялық және физикалық процестер зертханаларын, сондай-ақ оқу орнының шеберхана ғимараттарын аралады.