Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Батыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Сапар аясында Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысының Қазақстанның үшінші жаңғыруы атты Жолдауын іске асыру барысын тексереді. Премьер-министр бағдарламасында ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын, өндірістік компанияларды, білім беру мекемелерін және тұрғын-үй нысандарын аралау жоспарланған.
Компаниялар, мемлекеттік органдар және салалық құрылымдардың басшыларымен кездесу барысында Бақытжан Сағынтаев "Нұрлы жер" тұрғын-үй құрылысы бағдарламасының іске асырылу барысын және ел экономикасының, жалпы құрылыс саласының келешегін талқылайды. Бұдан өзге, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесімен және Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен іскерлік кеңес өткізу жоспарланған.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы республика үшін маңызды өнеркәсіптік маңызға ие. Өңірдің мұнай және газ өндіру, мұнай өнімдерін қайта өңдеу, машина жасау кәсіпорындары, металлургия, қорғаныс, тау-кен өндірісі, тігін және азық-түлік салаларында өнеркәсібі бар.