Бақытжан Сағынтаевтың орнына Ерболат Досаев тағайындалды

3322

Бұл туралы БАҚ-тарда жарияланып жатыр.

Бақытжан Сағынтаевтың орнына Ерболат Досаев тағайындалды

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған.  

1993 ж. – Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

1993-1994 жж. – "Іскер" МАӨҚ менеджері, "Вега" ШК директорының орынбасары.

1994-1996 жж. – "Акцепт" Фирмасы" ЖШС директорының орынбасары, директоры.

1996-1997 жж. – "Акцепт" Корпорациясы" ЖАҚ директоры, бірінші вице-президенті, бас директоры, "Тұран Әлем Банкі" ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

1997 жылдың тамызы – 1998 жылдың наурызы – "Алматы сауда-қаржы банкі" ЖАҚ басқарма төрағасы.

1998 жылдың наурызы-шілдесі – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңесшісі.

1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша ұлттық комисиясы мүшесі.

1998-2000 жж. – Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2000-2001 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі.

2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.

2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма мүшесі.

2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі.

2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.

2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі.

2016 жылдың шілдесі – 2017 жылдың тамызы – "Бәйтерек" ҰБХ басқармасының төрағасы.

2017 жылдың 29 тамызы – 2019 жылдың 25 ақпаны – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

2019 жылдың 26 ақпанынан – Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу