Үкімет дәрігерлерді қаржылай қолдаудың жаңа пакетін дайындайды, деп хабарлайды Atameken Business.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында коронавируспен күресіп жатқан ақ халаттылар жоғары жалақыға лайық екенін жазды.
Шынымен де қауіпті дертпен күн сайын бетпе-бет келетін медицина қызметкерлері өз денсаулықтарын қатерге тігуде. Тіпті, ақ халаттылардың вирустық инфекцияны жұқтыруы да тіркеліп жатыр.
Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы төрағасының айтуынша, медицина қызметкерлері қорғаныс құралдарымен толық қамтылмаған. Арна тілшісі Алмас Мұсабек алғы шепте жүрген дәрігерлердің жағдайы жайында толығырақ айтып береді:
Фото авторы: zhardem.kz