Бал ашып, бақсылық жасау алаяқтық пен бопсалауға теңестіріледі

1597

Бал ашып, бақсылық жасау алаяқтық пен бопсалауға теңестіріледі

Көршілес Ресей елінің бақсы-балгерлерінің басына қара бұлт үйірілетін болды. Мемлекеттік дума заңға түзету енгізіп, бұл "кәсіпті" алаяқтықтың бір түрі деп танитын болды, деп хабарлайды muslim.kz.

Қабылданатын құжатқа сәйкес, бақсы-балгер, сиқыршы, экстрасенстердің ақылы қызметіне енді алаяқтық пен бопсалау баптары бойынша тыйым салынады.

Мемлекеттік думаның әлеуметтік саясат және ардагерлер ісі жөніндегі өкілі Сергей Вострецовтың айтуынша, бұл мәселе бақсы-балгерлерге алданған жүздеген ресейліктердің арызынан кейін қозғалып отыр. Алайда, осы орайда "Экстрасенстер шайқасы" атты телебағдарлама туралы ешқандай пікір айтылмаған.

Соған қарағанда, Рсей Федерациясының қылмыстық кодексіне "сиқыршылық" немесе "магиялық қызметтер" секілді жаңа қызмет түрі енгізілетін сияқты. Яғни, аталмыш қызметтің өзіне тыйым салынбайды, тек осы қызмет түрін пайдаланып арзан ақша табуға тосқауыл қойылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу