Қазақстандық 10 кәсіпорын Сауда Арабиясына бал экспорттауға мүмкіндік алды

900

Еліміздің агроөнеркәсіп кешені саласындағы 2975 кәсіпорын өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық Одақ, Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония, Түркия және Сауд Арабиясы елдеріне еркін өткізеді.

Қазақстандық 10 кәсіпорын Сауда Арабиясына бал экспорттауға мүмкіндік алды

Биыл бал өндіретін және өз өнімдерін Сауд Арабиясы Корольдігіне экспорттауға дайын қазақстандық 10 кәсіпорын аталмыш елдің тиісті реестріне енгізілді. Бұл АШМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері мал шаруашылығы өнімдерін жеткізуге құқығы бар 4 кәсіпорын, сүт өнімдерін сыртқа шығаруға әзір 3 кәсіпорын, балық және балық өнімдерін сақтайтын, қайта өңдеп, өткізетін 1 кәсіпорын Қытайдың Бас кеден басқармасының тізіміне енгізіліпті. Ал Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркия тарапымен жүргізген жемісті жұмыстарының нәтижесінде осы елдің тізіміне теріні экспорттауға құқығы бар 4 кәсіпорын енгізілген.

"Министрліктің 2021 жылғы жоспарында осы нарықтарға шығаратын тауар түрлерін көбейтуді жалғастыру, сондай-ақ Еуропалық Одақтың, Түркияның, және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің жаңа нарығын игеру көзделіп отыр",­ - дейді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу