Балаларды асырап алу жөніндегі агенттікті құруға қатысты заңға енгізілетін түзетулер қайта қаралатын болды , деп хабарлайды Atameken Business.
Күні кеше мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин жұмыс тобымен жоспардан тыс кездесу өткізіп, осылай деген. Бұл туралы біздің арнамызға эксклюзивті сұхбат берген "Ана үйі" қоғамдық қорының директоры Балия Әкімбекова айтты. Оның сөзінше, заңға төрт түзету, яғни агенттік туралы түсінік қалыптастыру, асырап алатын отбасы дайындығы мен оларға қолдау көрсету және агенттік қызметкерлеріне балалардың жеке ісімен айналысуға мүмкіндік беруді сұраған. Бұл мәселе әлуметтік желілерде қызу талқыланып, нәтижесінде Президент әкімшілігінің қызметкерлері де күні кеше жұмыс тобымен кездесу өткізген.