2016 жылдың 29 қазанында Астана қаласында Бала асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер форумы өтеді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Форум ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиімді көмек беруге қатысты мәселелерді бірлесіп талқылауға бағытталған. Форум жұмысына әлеуметтік жетімшілік саласындағы сарапшылар, халықаралық сарапшылар және мүдделі бала асырап алушы ата-аналар мен тәлімгерлер қатысады.
Шараны Астана әкімдігі, "Бала отбасында өмір сүруі тиіс" қоғамдық қозғалысы, "ДАРА" қайырымдылық қоры, Қазақстанның бала асырап алушы ата-аналарының қазақстандық бірлестігі және ҚР БҒМ бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті ұйымдастырады. Форум қатысушылары Қазақстандағы әлеуметтік жетімшілік мәселесі қалай шешілуде, асырап алушы отбасыларының түрі мен айырмашылығы, кәсіби іріктеу қызметін құру өзектілігі, бала асырап алушы ата-аналарды оқытып, оларға қолдау көрсету секілді мәселелерді талқылайды.