"Бала дауысы" байқауының 6-маусымы басталды

1128

17 финалисті анықтайтын қашықтан іріктеу кезеңі 25 наурыз бен 15 мамыр аралығында өтеді. 

"Бала дауысы" байқауының 6-маусымы басталды

 

Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 8-12 жас аралығындағы дарынды балаларды "Бала дауысы" ұлттық балалар ән байқауының алтыншы маусымына шақырады, деп жазады inbusiness.kz.

Кастингке қатысудың барлық шарттары www.baladauysy.kz сайтында жазылған, сондай-ақ, өтінімдерді қабылдау кезеңі бүгіннен басталды. Байқауға қатысу тегін.

1 маусым мен 1 қазан аралығында "Бала дауысы" финалына дайындық кезеңінде: финалға қатысушылар үшін вокал, актерлік шеберлік, хореография бойынша жеке сабақтар өткізіледі; қайталанбас және ерекше сахналық бейнені жасау мақсатында режиссерлер, графика және жарық түсірушілер, суретшілер, дизайнерлер, стилисттер олармен жұмыс істейді.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінің әрбір қатысушысы атаулы дипломдар алады, финалистерге бағалы сыйлықтар беріледі. "Бала дауысы" байқауының жеңімпазы алғашқы күндерінен бастап жоба авторы және "Жандану әлемі" қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева тағайындаған атаулы білім беру грантының иегері атанады. Сондай-ақ, байқау қорытындысы бойынша балалар әндерінің жинағы шығарылады. Барлық жаңа әндер, алдыңғы маусымдарда жазылған әндермен "Бала дауысы" сайтында танысуға болады.

Байқаудың финалы 7 және 9 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу