Барлық жастағы балаларды сату жөніндегі веб-сайттың пайда болғаны Мысыр қоғамын аяғынан тік тұрғызды, деп хабарлайды islam.kz.
Интернет-дүкен сайтында: "Сатып алуға және асырап алуға мүдделі адамдар үшін барлық жастағы балалар бар сатылатын",- деп ашық жазылған. Яғни, нәрестеден бастап, мектеп жасындағы терісінің, көзінің және шашының түсі әр түрлі ұл балалар мен қыз балалар сатылатыны айтылған.
Рами әл-Жебали есімді IT-инженері бұл сайтты Facebook әлеуметтік желісінен жоғалған балалар туралы ақпарат іздеп отырып, тауып алған екен.
Әлеуметтік желі пайдаланушысы Каир қаласынан солтүстік-шығысқа қарай орын тепкен Шурук қаласында күмәнді пәтер барын жазыпты. Бұл пәтерге ерлі-зайыптылар жиі бас сұғып тұратын көрінеді. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, бұл пәтерге қымбат автокөлік мінгендер келіп, өздерімен бала алып кетеді.
Мысыр полициясы ақпараттың анық-қанығын тексеріп жатыр.