Бала ұрламақшы болған тәрбиеші екі айға қамауға алынды

1714

Баспасөз қызметі сот қамауға алу мерзімі биылғы жылдың 25 шілдесі мен 25 шілдесі аралығына бекіткенін нақтылады.    

Бала ұрламақшы болған тәрбиеші екі айға қамауға алынды

Алматы қаласындағы мамандандырылған тергеу соты бала ұрламақшы болған тәрбиешіні екі айға қамауға алуға  шешім шығарды, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.       

Баспасөз қызметі сот қамауға алу мерзімі биылғы жылдың 25 шілдесі мен 25 шілдесі аралығына бекіткенін нақтылады.          

Қамауға алынған тәрбиешіге Қылмыстық кодекстің 125-бабының 8-тармағы және 5-бөлігі, сонымен қатар 125-баптың 2-тармағының 5және 8-бөлігі бойынша айып тағылып отыр.          

30 жастағы күдіктіні бейсенбі күні Алматы облысындағы Қаскелең ауданындағы ата-анасының үйінде ұстаған.          

Қала полиция департаментінің мәліметінше, әйел өзі жұмыс істейтін балабақшадағы баланы ұрлап, материалдық пайдасы үшін ата-анасынан ақша талап етпек болған.           

Қылмыс жасау кезінде күдікті еңбек демалысында болған, ал оның орнында жұмыс істеген тәрбиеші ұрлық жасамақ болғанын дер кезінде байқап қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу