Бала зорлады деп айыпталған Amanat партиясының мүшесі жәбірленуші баланың туысы болып шықты

226

Туысына азғындақы жасаған депутатқа қандай жаза қолданылады?

Бала зорлады деп айыпталған Amanat партиясының мүшесі жәбірленуші баланың туысы болып шықты Фото: www.gov.

Бала зорлады деген күдікке ілінген Amanat партиясы филиалының бұрынғы басшысы жәбірленуші баланың туысы болып шықты. Оқиға депутаттың үйінде болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы Жетісу облыстық білім басқармасы мәлімдеді.

"Бала зорлады деген күдікке ілінген "Amanat" партиясының мүшесі Серікқан Жақыповтың ісіне қатысты мәліметтер белгілі болды. Оқиға 15 тамыз күні депутаттың үйінде болған. Ер адам жәбірленушінің туысы (әйелінің әпкесінің ұлы) болып шықты", – делінген білім басқармасының хабарламасында.

Полицияға жәбірленуші жеті жасар баланың анасы хабарлаған. Білім басқармасының мәліметінше, жыныстық зорлық-зомбылық әрекеті Жансүгіров ауылында Серікхан Жақыповтың үйінде орын алған.

Экс-депутаттың өзінің кәмелетке толмаған үш баласы бар.

"Қазір жәбірленуші баланың оқу үлгерімі жақсы, ол сурет салуды және футбол ойнағанды ​​жақсы көреді, мектеп психологы психокоррекциялық жұмыстарды жүргізді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу