Түркістан облысы Абай ауылында бала зорлады деп айыпталған жасөспірімге қатысты сот үкім шығарды.
Халық арасында дүрбелең туғызған оқиғада 4 жеткіншек күдікті деп танылған еді. Олардың үшеуі 14-жасқа толмағандықтан жазадан босатылған. Сот алдында 16 жастағы айыпталушы ғана жауап берді. Ол кінәлі деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Өткен жылдың 26-шы қыркүйегінде басталған сот отырыс жабық есік жағдайында өтті.
Еске сала кетсек, атышулы оқиғаға қатысты аудандық полиция бөлімінің басшысы мен мектеп инспекторы жұмыстан босатылып, бірқатар жауапты тұлғаға сөгіс жарияланған еді.