Балабақша ашуға ниет білдіргендерге құқықтық және консультативтік қолдау көрсетіледі

1484

Балабақша ашуға ниет білдіргендерге құқықтық және консультативтік қолдау көрсетіледі

28 шілдеде сағат 10.00-нан 18.00-ге дейін Астана қаласының Оқушылар сарайында (Б. Момышұлы көшесі, 5) "Кәсіпкерлердің мемлекеттік–жекеменшік әріптестік шеңберінде мектепке дейінгі ұйымды ашу бастамасына құқықтық және консультативтік қолдау" тақырыбында ашық есік күні өтеді.

Шара барысында мектепке дейінгі мекемені ашуға ниет білдірген кәсіпкерлерге оны ашудың тәртібі, мектепке дейінгі мекемені ашуға байланысты заңнамамен белгіленген талаптар және оның ашылғаннан кейінгі жұмыс барысы, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы қажетті ақпарат ұсынылады.

Іс-шараны Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығымен, Астана қаласы әкімдігі қолдауымен және оның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе ұйымдастырып отыр.Іс-шараны Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығымен, Астана қаласы әкімдігі қолдауымен және оның құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе ұйымдастырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу