Балабақша есепшілерінің "былығы" анықталды

785

Олар еңбекақыны төлеуде заңсыздықтарға барған. 

Балабақша есепшілерінің "былығы" анықталды

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тұрғындардың шағымдары негізінде бірнеше мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қаржылық жұмысын тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Соның нәтижесінде екі балабақшаның қызметкері бюджетке айтарлықтай шығын әкелгені анықталды.

"Балабақша бухгалтерлерінің бірі алты ай аралығында осы кәсіпорында іс жүзінде жұмыс істемейтін адамға айлық төлеп келген. Шығын көлемі – 367,7 мың теңге. Бұл сома толығымен қазынаға қайтарылды", делінген хабарламада.

Сонымен қатар басқа мектепке дейінгі білім мекемесінің есепшісі 10 ай бойы жарты күн жұмыс істейтін қызметкерлерге толық күннің жалақысын аударған. Бұл да – ҚР Еңбек Кодексіне қайшы әрекет.

Осы аудиторлық тексерістерден соң материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жіберілді.

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу