Балабақша есепшісі 7 млн теңге ұрлаған

386

Сотталушының асырауындағы үш жас баласы бар екені ескерілді.

Балабақша есепшісі 7 млн теңге ұрлаған Фото: Ашық дереккөз

Көкшетаудағы балабақшалардың бірінде есепші қызметкер екі жылға жуық уақыт бойы меңгерушінің ЭЦҚ кілтін пайдаланып, өзіне заңсыз артық жалақы қосып алып отырған. Осылайша, ол 2021-2022 жылдар аралығында 7 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотта күдікті кінәсін мойындап, келтірген залалды ішінара өтеді.

Сонымен қатар, оның кінәсі аудиторлық компанияның қорытындысымен, куәгерлердің айғақтарымен, жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерімен, төлем тапсырмаларымен расталды.

"Сот үкімімен "Е."-ге материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырумен, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Келтірілген материалдық залал өндірілді. Сот, сотталушының асырауындағы үш жас баласы бар екенін ескере отырып, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның орындауын 5 жылға кейінге қалдырды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сот лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеттеріне немқұрайлы қарағаны және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін білім басқармасы атына жеке қаулы шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу