Балабақша ғимаратында жатақхана, тұшпара цехы және шағын наубайхана жұмыс істеген

452

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басшысына қызметтік талаптарды толық орындамағаны туралы ескерту жасалды. 

Балабақша ғимаратында жатақхана, тұшпара цехы және шағын наубайхана жұмыс істеген Фото: mc.today

Ақмола облысы Степногорск қаласындағы балабақша ғимаратында жұмыс істеп тұрған тұшпара цехы, шағын наубайхана және түрлі ұйым мен кәсіпорын қызметкерлеріне арналған жатақхана анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты 716.kz-ке сілтеме жасап.

Қолданыстағы нормалар мен ережелерге қайшы келетін заңсыздықтар прокуратураның тексеруімен анықталды. Степногорск қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы балабақшаның санитарлық ережелер мен гигиеналық нормаларды сақтауы туралы қорытындыға нысанға бармай-ақ қол қойған.

Нәтижесінде заңсыз берілген қорытындының күші жойылды. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері лауазымды тұлғаға қызметтік талаптарды толық орындамағаны үшін ескерту жасауды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу