Балабақша карантинге жабылды: БҚО-да балалар арасында қызамық дерті тарады

291

Ел қызылшадан айыға алмай жатқанда балаларды тағы бір ауру сұлатып жатыр.

Балабақша карантинге жабылды: БҚО-да балалар арасында қызамық дерті тарады Фото: Shutterstock

Батыс Қазақстан облысында қызамық дерті жайлады. Жыл басынан індетті 700-ден астам адам жұқтырған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Оның 653-і – 14 жасқа толмаған жеткіншек. Тасқала аудан орталығындағы балабақшалардың бірінде желтоқсан айынан бері 6 бала скарлатинамен ауырған. Кеселден, тіпті, 4 жасар қыз көз жұмды. Қазір төсек тартып қалған балалар Тасқала аудандық және Орал облыстық инфекциялық ауруханасында жатыр. Санитар дәрігерлер олармен байланысқа түскен адамдарды медициналық тексерістен өткізіп, дезинфекциялық шараларды күшейткен.

"Екі топты да карантинге жаптық. Емхананың да, біздің де бақылауымызда. Сырқаттармен байланысқа түскен адамдардың мұрын қуысынан жағынды алдық, сараптама орталығы талдау жасап жатыр. 3-4 күннің ішінде қорытындысы шығады", - дейді БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу