Балабақша қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі жоспарда тұр - ҚР БҒМ

1447

Балабақша қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі жоспарда тұр - ҚР БҒМ

Балабақша қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру мәселесі кешенді түрде қаралмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Педагогтар жалақысын өсіру бүгінгі күні өзекті мәселе екендігі сөзсіз. Егер статистикалық мәліметтерге қарайтын болсақ, соңғы 15 жылда педагогтардың еңбекақысы 6,5 есе өскен. 2016 жылы еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу есебінен жалақы 29 пайызға жоғарылады. Қазір балабақша қызметкерлерінің орташа жалақысы 72 мың теңгеге тең", - деп атап өтті БҒМ-дан.

Осы орайда еңбек өтілі, санат есебінен еңбекақының өсімі 30 пайызды құрауы мүмкін.

"Әрине, білім саласы қызметкерлерінің кірістерін жоғарылату бойынша қосымша шаралар қажет. Бұл тапсырма министрліктің ағымдағы жылғы жұмыс жоспарында қамтылды. Кәсіптік одақтар және қызметкерлердің талқылауына міндетті түрде шығару арқылы сұрақты кешенді қарастыру жоспарлануда", - дейді ҚР БҒМ өкілдері.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу