Балабақша меңгерушілері балаларды тамақтандыруға арналған қаражатты жымқырған

165

Жымқырған 35 млн теңгеден астам қаражаттың барлығы бюджетке қайтарылды.

Балабақша меңгерушілері балаларды тамақтандыруға арналған қаражатты жымқырған Фото: simbads.ru

Мектепке дейінгі 5 ұйымдардың меңгерушілері және олардың көмекшілері жас балаларды тамақтандыруға арналған ақша қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұрынғы балабақша басшылары мәзірге сәйкес қажетті азық-түлік көлемін көрсете отырып өтінімдер берген. Бұл ретте алдын ала өнім берушімен қылмыстық сөз байласып, олар толық жеткізілім туралы құжаттарға жалған мәліметтер енгізген.

Қылмыстық схеманың бастамашысы және қылмыстық келісімнің тікелей ұйымдастырушысы бұрын сотталған олардың сыбайласы (өнім беруші) болған.

Мемлекеттік айыптаушы – прокурор сотталғандардың кінәсін дәлелдейтін барлық айғақтарды ұсынды.

"Сот үкімімен балабақша меңгерушілеріне тағайындалған барлық мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, мәжбүрлі еңбекке тартуға және мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салуға сотталды.

Жеңілдететін мән-жайлар ретінде, меңгерушілердің келтірілген залалды өтегені, кінәларын толық мойындағаны және олардың кішкентай балаларының бар екендігі танылды.

Ұқсас қылмыстар үшін өтелмеген соттылығы болған олардың сыбайласы 4 жыл бас бостандығынан айырылды", - делінген Астана қаласы прокуратураының хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу