ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Манар Адамованың айтуынша, ведомство Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп "Болашақ" халықаралық стипендиясының басым бағыттарының тізбесіне балаларды ерте дамыту саласының мамандығын енгізу мәселесін пысықтауда, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері 110 білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Педагогтердің үздіксіз даму сапасын қамтамасыз ету шеңберінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогті курстан кейінгі сүйемелдеуді жүргізудің жаңа нысандары енгізілді", – деді спикер.
Жалпы, елімізде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 101 мыңнан астам педагог жұмыс істейді.