Қазіргі уақытта балабақшаларда бір педагогке 25 баладан келеді. Орташа жалақылары 147 мың теңгені құрайды. Бұл республика бойынша орташа жалақыдан төмен.
"Екі-алты жастағы балаларды кезекте тұрған балалардан есептесек, қамту көрсеткіші 88%-ды, 3-6 жастағылардың 98%, ал жалпы балалардың санынан – 57,68%-ды құрайды. Сондықтан Президенттің тапсырмасының шеңберінде балабақша педагогтерін аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізіліп, жалақылары көбейтіледі", – деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу