Балабақша тәрбиешілері баланың далаға қашан шығып кеткенін білмейді

824

20 қаңтар күні бала киініп, 2-қабаттан түсіп, балабақшадан кетіп қалған. Оның қай уақытта шығып кеткені де белгісіз. Оның жоқ екенін тек тамақ беретін кезде ғана білген.

Балабақша тәрбиешілері баланың далаға қашан шығып кеткенін білмейді

Елорададағы балабақшалардың бірінің тәрбиеленушісі мекемеден өздігінен шығып кетіп, қыдырғаны жөнінде Facebook –те Юлия Гильманова жазды деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Астанадағы №34 "Ақ бидай" балабақшасына қатысты мәселені бірнеше рет  көтергенін, балабақшада не домофон, не бейнебақылау камерасы жоқ екенін, тіпті шарбақтарының өзі ГОСТ талабына сәйкес келмейтінін айтты. 

"Бізе бірдеңе бүлінгенге шейін ешкім саусағының ұшын қимылдайтпайтыны белгілі", – деп жазады автор.

"20 қаңтар күні бала киініп, 2-қабаттан түсіп, балабақшадан кетіп қалған. Оның қай уақытта шығып кеткені де белгісіз. Оның жоқ екенін тек тамақ беретін кезде ғана білген. Бала Жұмабаева 1/1-де орналасқан балабақшадан шығып, Абылайхан даңғылын, Манас және Құдайбердиев көшелерін кесіп өтіп, онкологияға дейін жеткен. Осы арада біздің балаларымызға қатысты осындай жауапсыздық қашан бітеді деген сауал туындайды", – деп жазған автор.

Сондай-ақ ол баланың ата-аналары неге тиісті органдарға хабарласпағанына, ісіт жылы жауып қоя салғанына таңқалып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу