Балабақша тәрбиешілері наразылыққа шықты

1230

Бүгін Түркістан облысында жүздеген балабақша тәрбиешілері мен құрылтайшылары наразылыққа шықты, деп хабарлайды Atameken Business  

Балабақша тәрбиешілері наразылыққа шықты

Олар мемлекет тарапынан әр балаға төленетін қаржының аздығын айтып облыс әкімдігінің алдына жиналды. Жалақыға қатысты мәселені алға тартқан шағымданушылар қаржыландыру әдістемесінің дұрыс орындалмай жатқанына наразы. Заңға сәйкес, әрбір балаға ауылдық жерлерде 41 мың, ал қалада 37 мың теңгеден төленуі тиіс.

Алайда өңірде бұл сомма небәрі 25 мың теңге шамасында. Салдарынан бақша тәрбиешілерінің жалақылары 60-70 мыңнан аспай отыр дейді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу