Балабақшада бүлдіршіндерді ұрған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсады

2292

Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Балабақшада бүлдіршіндерді ұрған тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсады

Алматыда балабақшада балаларды ұрып-соққан тәрбиеші өз-өзіне қол жұмсады. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы қалалық полиция Департаменті 1979 жылы туған Б.есімді азаматшаның өз-өзіне қол жұмсағанын растайды. Қазіргі таңда Жетісу аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп жазылған полиция департаменті таратқан хабарламада. 

Еске сала кетсек, бүлдіршіндерді ұрып жатқан тәрбиешіге қатысты бейнежазба желіде тараған. Кейін бұл Алматыдағы балабақшаларының бірінде орын алған жағдай екені анықталды. Полиция департаменті аталған азаматшаға қатысты іс қозғаған. 

Құралай Құдайберген  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу