Балабақшаға әкетуге келген микроавтобус 1 жасар баланы басып кетті

680

Көлікті 69 жастағы ер адам басқарған.   

Балабақшаға әкетуге келген микроавтобус 1 жасар баланы басып кетті

1 жасар бала микроавтобус дөңгелегінің астына түсіп қайтыс болды. Қайғылы жағдай Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында болған, деп жазады inbusiness.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

“Бүлдіршіннің анасы үлкен ұлын балабақшаға жіберу үшін тұрған. Қасындағы кішкентай баласы көлік құралына жақын жерде болған. Салдарынан бала көлік қозғалысынан кейін дөңгелектің астына түсіп кеткен",- деп хабарлады облыстық департаменттің  баспасөз қызметі. 

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу