Балабақшаға ешқашан бармаған бөбектер үшін қазынадан заңсыз ақша алған

154

Қордай ауданында балабақша басшылығы мектепке дейінгі ұйымға мүлдем келмеген балалар үшін 45,2 млн теңге көлеміндегі  бюджет қаражатын талан-таражға салған.     

Балабақшаға ешқашан бармаған бөбектер үшін қазынадан заңсыз ақша алған Фото: pixabay.com

Жамбыл облысының прокурорлары ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісін тексеру кезінде анықтап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

- Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру анықтады. 2025 жылғы 11 наурызда ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі аудан прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен тіркелді, – делінген хабарламада.

Тергеп-тексеру Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне тапсырылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу