Ата-аналар балабақша мекемесі арасындағы келісімшарттың барлық түрін қашықтан рәсімдей алады.
Мұндай қызмет түрі әзірше пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. "Онлайн қызметтің артықшылығы, ата-аналар үйден шықпай-ақ, баласын балабақшаға тіркей алады. Келісімшарт құжаттарын басып шығарып, әуре болмайды. Барлығы да цифрлық сипатта болғандықтан оның заңдық күші де қағаз түрімен бірдей жүреді. Сондай-ақ, балабақша меңгерушісі немесе мекеменің өкілімен бетпе-бет жүздесіп, мәселені түсіндіріп жатпайды, бәрі де құжатта көрсетіледі", – дейді М.Бектұрова.
Әкім орынбасарының айтуынша, бұл қызмет балабақша мекемесіне де тиімді. Олар құжаттарды қашықтан қабылдайтындықтан қағазбастылықтан арылып, жұмыстары оңтайлана түспек.