"Хабар-24" арнасы арқылы тікелей эфирге шығып, онлайн-брифинг өткізген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев балабақшалардың жұмыс тәртібіне де тоқталды. Оның айтуынша, эпидемиялық жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы және Түркістан, Ақмола, Алматы облыстарындағы балабақшалар жұмысын тоқтатқан. Қалған өңірлерде балабақшалар штаттық жұмыс істей береді.
"Ата-аналардың балаларды өз еркімен апаруға мүмкіндігі бар. Апармаған жағдайда орын сақталады. Қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс істейтін балабақшаларға тек 67 мың бала келуде. Бұл көрсеткіш 11 процентті құрайды", – деді министр.
Есжан Ботақара
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу