Балабақшалар карантин кезінде де қаржыландырылады

1843

Білім және ғылым министрлігінің жаңа  бұйрығы талқылауға ұсынылды.

Балабақшалар карантин кезінде де қаржыландырылады

Карантиндік шектеулер кезінде балабақшалардың көбі жұмысын тоқтатқанымен, мемлекет тарабынан қаржыландыру үзілмейді. Бұл кезеңде тәрбие ошақтары көрсеткен қызметі үшін емес, бала басына сай қаржы алады. Білім және ғылым министрілігі осы мәселелерді қамтыған бұйрығын Электрондық үкімет порталында көптің талқысына ұсынып отыр. 

Бұйрықтың бұрынғы жобасы бойынша, мұндай қаржыландырудың өз талаптары болған. Мемлекеттік тапсырыс беруші тәрбие ошағына үздіксіз барып жүрген балаларға, ата-анасының өтініші негізінде 3 күнге дейін балабақшаға бармағандарға, денсаулығына байланысты медициналық сауықтыру, курорттық, оңалту мекемелерінде болуына байланысты тәрбие сабақтарын босатқандарға, ата-ананың біріне еңбек демалысы берілуіне байланысты және жазғы сауықтыру себебімен жазбаша өтініш негізінде 2 айға дейін балабақшаға бас сұқпаған балаларға жан басына сай қаржыландыру жүргізіліп келген. Осы бұйрықтың мәтініне енді төртінші пункт қосылып отыр. Төтенше жағдай енгізілген кезеңде заңнамаға сәйкес мектепке дейінгі ұйымдардың  қызметіне балалардың келу көрсеткішін ескермей-ақ, төлем аудару ұсынылып отыр. Аталмыш бұйрық жобасын талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу