Балабақшаларда 93 мың бала тегін тамақтанады

137

3500 бөбекжайда ата-аналарға арналған консультациялық пункттер ұйымдастырылды. 

Балабақшаларда 93 мың бала тегін тамақтанады Фото: bukvaryata.uz

Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін мектепке дейінгі ұйымда тегін тамақпен 93 мың бала қамтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"3500 мектепке дейінгі ұйым базасында ата-аналарға арналған консультациялық пункттер ұйымдастырылды. Ақпараттық кеңістікті кеңейту және интернет-ресурстарды пайдалану халықтың кеңінен хабардар болуын және балалардың ерте дамуы мәселелері бойынша ата-аналардың қажетті мәліметтерді алуын қамтамасыз етеді", – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова. 

Сонымен қатар ата-аналарды мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға ынталандыру жұмыстары жалғасын тапты. Қолға алынған шара балаларды ерте дамыту институтымен және ЖАО-мен бірлесіп, педагогикалық технологиялар мен цифрлық ресурстар арқылы жүзеге асырылады. 

"Виртуалды әдістемелік кабинетте" институт сайтында "ата-аналарға кеңес" айдары ашылды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттердің қызметіне әдістемелік сүйемелдеу, балаларды мектепке даярлау мәселелері бойынша консультациялық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі", – деді спикер. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу