Балабақшаларға жолдама беру мерзімі 5 жұмыс күніне дейін қысқартылмақ

796

Балабақшаларға жолдама беру мерзімі  5 жұмыс күніне дейін қысқартылмақ

12-маусымнан бастап мемлекеттік балабақшаларға жолдама беру мерзімі 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылады. Толығырақ astana.gov.kz. сайтында жазылған.

10 сәуірден бастап Астана қаласында мемлекеттік балабақшаларға электронды жолдамалар www.e.astana.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Жүйе іске қосылғалы бері, қолданушылардың көбі байланыс мәліметтерін өзгертпеген және балабақшаларын таңдамаған. Бұдан шығатын қорытынды, жолдаманы беру мерзімін 15 жұмыс күні бойынша күту мектепке дейінгі мекемелердегі қабылдау үдерісін баяулатады, келесі кезекте тұрған балалардың ата-аналары балабақша таңдау мүмкіндігіне қол жеткізе алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу