Балабақшаларға жолдама беру жүйесі хакерлік шабуылға ұшырады

929

Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылды

Балабақшаларға жолдама беру жүйесі хакерлік шабуылға ұшырады

Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды  Елорда Инфо елорда білім беру басқармасына сілтеме жасап. 

"Құрметті қолданушылар, Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жолдама беру жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Түнгі уақыттан бері жүйеге шабуыл жасалуда. Бір уақытта 500 мыңнан астам адам жүйеге кіруге талпыныс жасауда. Қазір техникалық мамандар жұмыс жасап жатыр. Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп көрсетілген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу