"Балабақшамен қамту 99 пайызға жетті, енді мазмұнға мән береміз"

877

"3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту 99 пайызға жетті. Ендігі міндет – балабақша бағдарламаларының мазмұны мен оқу-әдістемесін жақсарту, оларға деген талапты күшейтіп, жалпы сапасын арттыру", – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында.

"Балабақшамен қамту 99 пайызға жетті, енді мазмұнға мән береміз"

"Мектепке дейінгі білім мен тәрбие моделі дайындалды. Оны биыл жүзеге асырамыз. Осыған дейін кішкентай балаларға мектептегі тәрізді 20 минуттан сабақ өткізіліп келсе, енді педагог оқыту мен тәрбиелеуді баланың бақшаға келген тұсынан бастап физиологиялық және психологиялық қажеттіліктеріне қарай ойын, коммуникациялық арнайы әдістемемен іске асырады. Шетелдік тәжірибе осы әдістеменің маңыздылығын көрсетіп отыр", – дейді министр. 

Оның айтуынша, кезектің ашық болуы үшін облыстардағы электронды кезектердің бәрі республикалық бірыңғай базаға енгізіліп, біріктіріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу