Балабақшаның 13 млн теңгесін жұмсап жіберген бухгалтер ұсталды

1672

35 жастағы әйел ақшаны бір ай бойы біртіндеп жымқырып келген.

Балабақшаның 13 млн теңгесін жұмсап жіберген бухгалтер ұсталды

Павлодар қаласындағы балабақшалардың бірінің бухгалтері 13 млн теңгені талан-таражға салды деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Балабақша директоры полицияға бас бухгалтердің 13 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты жаратып жібергендігін айтып, шағымданған.

35 жастағы әйел ақшаны бір ай бойы біртіндеп жымқырып келген. Ұсталған күдікті оны жеке мұқтаждығы үшін жұмсағанын мойындады.

Қазір ҚР Қылмыстық Кодексінің 189 бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу