Балайым Кесебаева мен Павел Казанцев Мәжіліс төрағасының орынбасары болды

1047

VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар Мәжіліс төрағасының орынбасарлары лауазымына Балайым Кесебаева мен Павел Казанцевты сайлады. 

Балайым Кесебаева мен Павел Казанцев Мәжіліс төрағасының орынбасары болды

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның вице-спикерлері қызметіне Балайым Кесебаева мен Павел Казанцевтың кандидатурасын талқылауға ұсынды. 

Балайым Кесебаева - заңгер, Әділет министрлігінде қызмет атқарған. Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы Әділет департаменттерін басқарған. Сонымен қатар, Мәжілістің VI шақырымында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.

Павел Казанцев болса, бұрын Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамында болған. "Nur Otan" партиясы жанындағы Партиялық бақылау комитетін басқарады.

Мәжіліс депутаттары кандидаттарды бірауыздан қолдады.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу