Балалар арбасын ұрлаумен айналысып келген бойжеткен ұсталды

1081

Ол қалалық емхананың дәліздері мен холдарына балаларының арбаларын еш алаңсыз қалдырып кететін аналардың ізіне түсіп, артынша оларды байқатпастан жымқырып отырған. 

Балалар арбасын ұрлаумен айналысып келген бойжеткен ұсталды

Астана қаласы "Сарыарқа" ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала аумағында балалар арбасын ұрлады деп күдік келтірілген 24 жастағы бойжеткенді ұстаған, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Аталған қыз бала қалалық емхананың дәліздері мен холдарына балаларының арбаларын еш алаңсыз қалдырып кететін аналардың ізіне түсіп, артынша оларды байқатпастан жымқырып отырған. Ұсталған адамның 4 балалар арбасын ұрлауға қатыстылығы анықталды. Оның арбаларды жымқырып, әрі қарай оны өзінің достары мен таныстарына сыйға тартқаны белгілі болды. Күдікті барлық ұрлық фактілері бойынша мойындау айғағын берді, ұрланған арбалар алынып, иелеріне қайтарылды.

ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Оның қала аумағында жасалған осыған ұқсас басқа қылмыстарға да қатыстылығы тексерілуде. Астана қаласының Ішкі істер департаменті аталған адамның құқыққа қайшы әрекетінен зардап шеккен азаматтарға Ақбұға көшесі, 2 мекенжайы бойынша "Сарыарқа" ауданы ІІБ-ге немесе төмендегі 8 (7172) 71-66-76, 71-66-74 немесе 102 телефондары бойынша хабарласуын сұрайды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу