"Балалар арбасына дәрет сындырған": Алматыда курьердің әдепсіз әрекеті видеоға түсіп қалды

98

Ер адамның жеке басы анықталды.  

"Балалар арбасына дәрет сындырған": Алматыда курьердің әдепсіз әрекеті видеоға түсіп қалды Фото: Бейнебақылау камерасынан скриншот

Алматыда курьер тұрғын үйлердің біріне тапсырысты жеткізу кезінде балалар арбасына дәрет сындырып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бейнежазбаны әлеуметтік желіге арбаның иесі салды.

"Алматылық курьер балалар арбасына дәрет сындырып, содан кейін тапсырысты клиентке апарған", – делінген таралған бейресми ақпаратта. 

Қалалық полиция департаменті оқиғаға байланысты түсініктеме берді.

"Алматы қаласының Полиция департаменті қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған құқыққа қайшы әрекетке байланысты Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізгенін хабарлайды. Ер адамның жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтап, ұстау бойынша шаралар қабылдап жатыр", – делінген хабарламада.

Курьердің әрекетіне құқықтық баға беріліп, заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.

Тәртіп сақшылары мұндай жайттарға жол беруге болмайтынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу