Балалар ата-аналарына табысталды – ҚР ІІМ

1068

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев Арыс қаласынан 42 мың азаматтың эвакуацияланғанын, олардың 39 мыңы өз бетімен қаладан шыққанын айтты.

Балалар ата-аналарына табысталды – ҚР ІІМ

Балалардың бәрі Арыс қаласынан шығарылып, ата-аналарына табысталды, деп хабарлайды ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

"Балалардың барлығы балабақшалардан эвакуацияланды және туыстарында болған балалар да, олардың ата-аналары да табылды, балалар ата-аналарына табысталды. Тап қазіргі уақытта шағым жоқ, арыз жоқ",– деді ол бүгін үкімет отырысында.

Ерлан Тұрғымбаев қаладан 42 мың азаматтың эвакуацияланғанын, олардың 39 мыңы өз бетімен қаладан шыққанын айтты.

Айта кетсек, кеше Арыс қаласындағы №44856 әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, қалаға қауіп төндірді. Шаһарда дүрбелең туып, тұтанған өрт пен жауған оқ арасынан халық қашып, бас сауғалап кетті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу