Балалар банк картасын қамқоршылары онлайн аша алады

536

Осыған дейін банк картасын ашу балалардың ата-анасына ғана қолжетімді болды. 

Балалар банк картасын қамқоршылары онлайн аша алады Фото: Rubryka.com

Балаларға арналған банк карталарын енді олардың қамқоршылары мен қорғаншылары онлайн режимде аша алады, деп жазады inbusiness.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

"Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен және "ҰАТ" АҚ-мен бірлесе отырып, қорғаншылар мен қамқоршылардың келісімімен олардың қамқоршылығындағы 18 жасқа толмаған балалар туралы мәліметтерді беру бойынша екінші деңгейлі банктермен интеграциялық қызметті жүзеге асырды. Интеграция қорғаншылар мен қамқоршыларға банктік қызметтерді алу үшін қағаз жүзіндегі анықтамаларсыз, өздерінің мәртебесін онлайн растауға мүмкіндік береді", - деді Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Ақпаратқа сәйкес, ведомство мемлекеттік қызметтерді электронды және проактивті форматқа көшіру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу