Балалар биологиялық орталығы Қызыл кітапқа енген жануарлармен толықты

2745

Балалар биологиялық орталығы Қызыл кітапқа енген жануарлармен толықты

Семей қаласының балалар биологиялық орталығы Қызыл кітапқа енген жануарлармен толықты, деп хабарлайды 24.kz.

Орталыққа Алматы зообағынан ява макакасы мен екі үнді жайраны жеткізілген.  Қазір жануарлар жаңа орынға бейімделіп жатыр. Женя есімді макакаға жаздық алаң берілді, ал жайрандар борсықтармен көршілес орналасты.

Бүгінгі таңда, биоорталықта 100-ден астам жануарлардың түрі бар соның ішінде 14-і Қызыл кітапқа енген.             

"Бүгінгі таңда біздің жануарлар, яғни үнді жайраны мен ява макалалары қазіргі күні жақсы адаптацияны жүріп жатыр. Басында, яғни қорқыныш, әртүрлі стрестар болғанымен қазіргі кезде олар өздерін жақсы сезінеді. Оны біз оқушылармен, өзіміздің жас натуралистермен фенологиялық бақылау кезінде байқадық. Валергиялар еркін түрде шығады. Тамақтануы бойынша да олар еркін түрде тамақтана алады", - дейді ұйымдастыру бөлімінің әдіскері Жүнісова Ләззат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу