Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай мен ММА бойынша үздік Жасұлан Әкімжан шаршы алаңда әр балаға ұтымды соққылар көрсетіп, түрлі әдіс-тәсілдермен таныстырды.
Ал шахматтан әлемді аузына қаратқан Сауат Нұрғалиев те балақайларды шапшаңдық, шыдамдылық және аналитикалық ойлауға баулыды.
Бұл кезде келесі бір бөлмеде көркем гимнастика бойынша Азия чемпионы Сабина Бакатова қыз балаларға хореографиямен физикалық жаттығулардың ең маңызды тұстарын көрсетті. Гиманстшы дене пластиктерін дамытуға бағытталған күрделі қимылдарды орындаудың мүмкіндіктері туралы айтып берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу