Әсіресе, өткен жылы панедмия салдарынан сала тұралап қалды. Демалыс орындары жұмыс істемеді, балалар тынықпады. Бірақ бөлінген қаржы игерілген. Анығын айтқанда 3 млрд 774 млн теңгенің 822 млн-ы жұмсалған. Оны да депутаттар айтты. 2019 жылы 4 млрд 333 млн теңге қарастырылған. Биыл да балалар демалысын ұйымдастыруға 3 миллиард 816 миллион теңге бөлінді. Бірақ бұл қаржы қазақстандық балалардың барлығына бірдей жетпейді. Тегін демалысқа тек әлеуметтік осал топтағы, көпбалалы отбасылардың балалары мен үздік оқушылар ілігеді. Ал қалғаны ата-аналарының қалауы, қалтасындағы қаржысына қарай демалады.
Ақпарат үшін айтайын, пандемия кезінде балалар қауіпсіз демалуы үшін еліміз бойынша қалалардың сыртында киіз үйлер мен шатырлардан жасалған 1,5 мың лагерь ашылады. Бұл туралы білім министрлігінің өкілдері біздің продюсерлерге берген ақпаратында айтты.