Балалар денсаулығын сақтауға бөлінетін бюджет көлемі артады

998

"Бала тууды жоспарлаудан бастап, мықты әрі сапалы адам капиталын қалыптастыру – біздің жаңа бағдарламаның басты міндеті болып отыр",– дейді Елжан Біртанов.

Балалар денсаулығын сақтауға бөлінетін бюджет көлемі артады

Балалар денсаулығын сақтауға бөленетін бюджет қаржысы көбейеді. Бұл туралы  Алматыдағы медицина қауымдастығымен өткен кездесуде денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Министрдің сөзінше, қазір алдағы 5 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Оны жасауға үздік сарапшылар, жаңашыл мамандар қатысуда. Бағдарламаның басты бағыттары медициналық қызмет сапасы мен  дәрігерлердің мәртебесін көтеру. Сондай-ақ,  технологиялық трансформация мен цифрландыруға басымдық беріледі.

"Бұл мемлекеттік бағдарламаның негізгі бағыты – балалық шаққа инвестиция жасау. Яғни балалардың денсаулығын күшейтуді басты назарға аламыз. Қазір бұл мақсатқа қанша ақша керек екенін есептеп жатырмыз. Бала тууды жоспарлаудан бастап, мықты әрі сапалы адам капиталын қалыптастыру – біздің жаңа бағдарламаның басты міндеті болып отыр",– дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу