Балалар экскурсиялық пойызы жолға шығады

241

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Балалар экскурсиялық пойызы жолға шығады Фото: Қазақстан теміржолшысы

"Туған елге саяхат" балалар экскурсиялық пойызы жолға шығады.

"2016 жылдан бастап Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен „Туған елге саяхат“ балалар экскурсиялық пойызы жобасы іске асып жатыр. Бұл жоба осы күнге дейін 2 320 баланы қамтыды", — деп атап өтті министрліктен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомство ұсынған анықтамалық дерекке сәйкес, "Туған елге саяхат" — патриоттық жоба.

Оның аясында балалар пойызбен саяхаттай отырып, Қазақстан қалаларындағы тарихи ескерткіштермен, көрікті жерлермен танысады.

Жоба "Самұрық-Қазына" АҚ Қайырымдылық жобаларының халықаралық форумында корпоративтік қайырымдылық аясында үздік деп танылды.

Ол жыл сайын іске асады. Тек 2020-2021 жылдары коронавирус пандемиясына байланысты жолға шыққан жоқ.

"Туған елге саяхат" жазғы танымдық-туристік пойызының бірінші рейсі 27 маусымда жолға шығады. 12 күн бойы балалар Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан және Байқоңыр қалаларындағы танымал мәдени-тарихи орындарды аралайды. Экскурсиядан басқа жол бойы оқушылармен бірге тәлімгерлер мен педагогтар жұмыс істейді. Қызығушылық үйірмелері, зияткерлік және спорттық ойындар мен басқа да ойын-сауықтар қарастырылған. Екінші рейс осы жылғы 24 шілдеге жоспарланған. "Samruk-Kazyna Trust" қоры қолдайтын әлеуметтік жоба екі маусымда өтеді. Олардың әрқайсысына көпбалалы, аз қамтылған немесе толық емес отбасылардан шыққан 10-15 жастағы 200 бала қатысады. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің балаларына басымдық беріледі", — деді министрліктен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу