Бала еңбегін қанау азаймай тұр

3229

Әлемдегі балалардың 59%  (98 млн.) ауыл шаруашылығына қатысты еңбекке тартылады.  

Бала еңбегін қанау азаймай тұр

2019 жылдың басынан бастап Қазақстанда кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартудың екі фактісі анықталды, деп хабарлайды  ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, дүние жүзі бойынша 5 пен 17 жас аралығындағы 218 миллион бала жұмыс істейді. Олардың ішінде 152 миллионы балалар еңбегінің құрбаны, олардың жартысына жуығы – 73 миллионы балалар үшін қауіпті жұмыс жағдайында жұмыс істейді.

"Қазақстанда уәкілетті мемлекеттік органдар кәмелетке толмағандардың жұмысына қатысты заң талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады. 2018 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеру барысында 10 фактіні анықтады, ал ағымдағы жылы кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартудың 2 фактісі анықталды, олар бойынша жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды", –  деді Сарбасов.

Ол сондай-ақ, кәмелетке толмағандар негізінен еңбек қызметін жазғы уақытта шағын бизнес субъектілерінде, базарларда, сауда орындарында, автожуу және автокөлік құралдарын жөндеу станцияларында, қоғамдық тамақтану пункттерінде (мейрамханалар, дәмханалар) және т.б. жүзеге асыратынын атап өтті. Аса маңызды бұзушылық еңбек шартарының болмауында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу