Мемлекет басшысы: Балалар интернетті спортқа ауыстыруы керек

787

Бұқаралық спортты дамыту балалардың ғаламторда аз уақыт өткізуіне мүмкіндік береді, деп есептейді президент.

Мемлекет басшысы: Балалар интернетті спортқа ауыстыруы керек

Дегенмен ол Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында өңірлерде балалар халық театрларын құру мен "TikTok"-та "Біздің өлкенің тарихы" жобасын өткізу идеясын да қолдады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Интернеттегі заңсыз контенттердің алдын алу өте өзекті. Біздің жастарымызды жалған жолға жетелейтін ақпаратпен күреске тек мемлекет қана емес, тұтас қоғам қатысуға тиіс. Бірақ мемлекет бұл проблеманы шешуден қашпайды, басты рөл атқарады", – деді Тоқаев.

Оның пікірінше, балалардың уақыты көп болған соң кейде "мүлдем қажет емес нәрселерге" алаңдайды. Ал ата-аналар мен мұғалімдер оларды сабақтан тыс уақытта қадағалай алмай қалып жатады.

"Сондықтан жаппай балалар спортын дамытайық. Алдағы уақытта облыс басшыларының, әкімдердің, соның ішінде тиісті өңірлерде бұқаралық балалар спортын дамыту жөніндегі жұмысын бағалайтын боламыз", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ол балаларды өнер мен мәдениетке тарту туралы "қызықты ұсынысты" қолдады. Облыс әкімдеріне балалар халық театрларын ашу, сондай-ақ "TikTok"-та "Біздің өлкенің тарихы" жобасын құру бойынша жұмысты бастауға шақырды.

"Шынында да, бұл жақсы жоба. Қазір жастар негізінен "Instagram" мен "TikTok"-та отыр. Бұл біздің өміріміздің шындығы және осы шындыққа сәйкес балаларымыздың көңіл-күйіне, мәдениетіне және тәрбиесіне оң әсер етейік", – деді Тоқаев.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу