Балалар қауіпсіздігі: Екі министрлік меморандумға қол қойды

316

Басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

Балалар қауіпсіздігі: Екі министрлік меморандумға қол қойды Фото: gov.kz

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі арасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз балаларымыздың, студенттер мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық ведомстволардың күш-жігерін біріктіруді көздеп отырмыз. Осы ынтымақтастықтың арқасында білім беру ұйымдары төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуде қосымша білім мен дағдыға ие болады", - деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.

Сондай-ақ ведомстволар білім беру қызметкерлерін қауіпсіздік техникасына оқыту және оны тарату бойынша және білім беру ұйымдарының жеке құрамының әртүрлі төтенше жағдайларға дайындығын арттыру мақсатында оқыту іс-шаралары мен жаттығуларын бірлесіп өткізетінін атап өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу