"Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында кітаптар тізімі жасалды

1273

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. 

"Балалар кітапханасы" бағдарламасы аясында кітаптар тізімі жасалды Фото: google

Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханада "Балалар кітапханасы" бағдарламасына ұсынылатын кітаптардың тізімі жасақталды, деп жазады inbusiness.kz.

Оған қазақ әдебиеті тарихының барлық дәуірі мен кезеңін, жанрлық бағытын қамтитын 1770 шығарма енді. Оның 76%-ы отандық, 24%-ы – әлем әдебиеттің таңдаулы еңбектері.

Тізімді жасақтау үшін арнайы құрылған комиссия қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары, мектеп кітапханашылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін ескерді.

"Балалар кітапханасы" бағдарламасына ұсынылатын кітаптардың тізімін жасақтау үшін арнайы тәуелсіз қоғамдық комиссия бірнеше кезең бойынша талқылаулар жүргізіп, барлық жанрлық бағыттарды қамтыды. Жасақталған тізімнің 40%-ы – көне классикалық әдебиет, 30%-ы "Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиет", 24%-ы әлемдік әдебиеттің үздік үлгілерінен тұрады", - деді Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана директоры Әлия Сайдембаева.

Бағдарламаның басты мақсаты – мектеп кітапханаларын маңызды балалар әдебиетімен қамтамасыз ету.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі күні мектептердегі балалар әдеибетінің қоры 40 миллионға жуық. Электрондық мемлекеттік кітапхана қорының каталогына 150 жазушының еңбегі енгізілді.

Айта кету керек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен ұлттық құрылтайда "Балалар кітапханасы" атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу